Медиа орталық

Өзбек инвесторы Шымкентте өндіріске миллион доллар салды

Өзбек инвесторы Шымкентте өндіріске миллион доллар салды

«BAIKRA» ЖШС компаниясының өзбек инвесторлары Шымкентте гигиеналық мақсаттағы қағаз өндіру жобасын жүзеге асырды. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және өнімді белсенді түрде шығаруда.

Фабриканың жобалық қуаты бүгінгі күні 1800 тоннадан астам дәретхана қағазы мен 415 тонна құрғақ майлықты құрайды. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 1 млн долларды құрады. Кәсіпорында 20 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Жоба АЭА аумағында жүзеге асырылды, осыған байланысты инвесторға бірқатар жеңілдіктер берілді. Олардың қатарында салықтық преференциялар, ҚҚС, КТС, жер салығы мен мүлік салығынан босату бар. Сондай-ақ, бизнес жабдықты импорттау бажынан босатылды. Өз тарапынан KAZAKH INVEST инвесторлық визаны беруге жәрдемдеседі», - деп хабарлады «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік директоры Досхан Иманбеков.

Бүгінгі таңда дайын өнім қазақстандық нарықта сатылуда. Сонымен қатар, компания басшылығы Өзбекстанға экспортты жолға қоюды жоспарлап отыр және жергілікті көтерме сауда компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Болашақта компания тауар қатарын кеңейтуді, атап айтқанда, рулонды майлықтар мен асүй сүлгілерін шығаруды жоспарлап отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге