Медиа орталық

Шымкентте алюминий құты шығаратын зауыт ашылды

Шымкентте алюминий құты шығаратын зауыт ашылды

QazAIPack компаниясы Шымкентте қуаттылығы жылына 500 миллион дана құрайтын алюминий құты қаптамаларын шығаратын зауыт ашты. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

QazAIPack зауытын іске қосудың салтанатты рәсімі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өтті.

Министрдің айтуынша, іске қосылған кәсіпорын жоғары деңгейде өңделген өнімдерді әртараптандыру мен өндірудің табысты үдерісін көрсетеді.

«Мемлекеттік қолдау шаралары мен дұрыс құрылған басқарудың арқасында жоба небәрі 2 жылда аяқталды. Зауыт 170-ке жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, ішкі нарықтағы импорттық өнімнің 75 пайызын ауыстыруға мүмкіндік береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бизнеспен тікелей диалогқа әрқашан ашық екенін және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте атап өткім келеді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасалды, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелеу бөлінді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан грант – «Оңтүстік» индустриалды аймағынан инфрақұрылымы дайын жер учаскесі берілді.

Зауыттың іске қосылуының салтанатты рәсіміне Индустриалды даму комитетінің, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ Шымкент ӘКК өкілдері қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге