Медиа орталық

COCA-COLA компаниясы Шымкентте алкогольсіз сусындар өндіруге арналған зауыт ашуды жоспарлап отыр

COCA-COLA компаниясы Шымкентте алкогольсіз сусындар өндіруге арналған зауыт ашуды жоспарлап отыр

Шымкент қаласына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Қазақстан филиалының директоры Мұстафа Белтекин жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновпен, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ сервистік қолдау Департаменті директорының орынбасары - мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара әрекеттесу жөніндегі өкілі Марат Есеновпен және де ұлттық компанияның аймақтық өкілі Сағынжан Сырымұлымен кездесті. Іс-шара барысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт құрылысының жобасы талқыланды.

Өндірістік қуаттылығы жылына 262 миллион литрді құрайтын жобаны жүзеге асыру 100-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Зауыт жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағының аумағында салынады.

Жиында Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің әлеуеті мен мүмкіндіктеріне тоқталып, бұл аумақта зауыт ашуға қалада барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Бүгінгі кездесу екіжақты ынтымақтастыққа ықпал етіп қана қоймай, Шымкент қаласында жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырудың алғышарты болатынына сенімдімін», - деді мегаполис әкімі.

Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге