+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Медиа орталық

elicense.kz порталы арқылы 266 млрд теңгеге 16 инвестициялық келісімшарт жасалды

elicense.kz порталы арқылы 266 млрд теңгеге 16 инвестициялық келісімшарт жасалды

266 млрд теңгеге 16 инвестициялық келісімшарт online жасалды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қызмет цифрландырылды және elicense.kz порталы арқылы ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде инвестор заттай грант пен кедендік преференциялар алуға инвестициялық келісім-шарт, салықтық және кедендік жеңілдіктермен инвестициялық басым келісім-шарт жасасуы мүмкін.

СІМ Инвестиция комитетінің, ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, әкімдіктердің және басқа да мүдделі органдардың онлайн-интеграциясы арқылы қызмет көрсету мерзімі 35 күннен 27 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

«Бірінші қызмет алушы "Каз Солар 50" компаниясы болды», ол "Solarnet Investment GmbH" неміс компаниясымен бірлесе отырып, Қарағанды облысы аумағында қуаты 26 МВт болатын 5 млрд теңгеден астам сомаға ЖЭК саласындағы жобаны жүзеге асырады. Бір айдан астам уақыт ішінде біз 16 инвестициялық шарт жасадық», - деп атап өтті Алмасс Айдаров

Бұл инвестицилық жобалар Қазақстанның 8 өңірінде іске асырылуда: Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында.

Жобалар АӨК, металлургия, тамақ және химия өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру және энергетика салаларын қамтиды. Инвесторлар - Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания және БАӘ кәсіпкерлері.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығынның көптігіне байланысты, негізінен инвесторлар қымбат тұратын құрал-жабдықтар, шикізат пен материалдарды импорттау кезінде кедендік баждардан босату үшін жүгінеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге