Біз туралы

Иманбеков Досхан Кайратович

Аймақтық директор

1987 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін бітірген. 2009 жылы осы университеттің (ҚазҰТУ) «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. 2013 жылы Польша астанасында, Варшава экономика мектебін, «Қаржы және есеп» мамандығы бойынша бітіріп, экономика магистрі дәрежесіне ие болды. 2015 жылы Алматы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.         

Еңбек жолын 2011 жылы бастады, «Аллюр» компаниялар тобы» акционерлік қоғамында өңірлермен жұмыс жасау жөніндегі менеджері болып, сонымен қатар үйлестіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2014 жылы «Қазақстан Инжиниринг» ғылыми-зертеу институты» ЖШС-де сатып алулар жөнінде менеджері болып жұмыс істеді.

2014 жылдың қазанынан 2018 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарында жұмыс істеді: мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, инженерлік-техникалық қызметтер саласындағы жетекші маман, сапаны басқару қызметінің менеджері, жетекші-маман –  маркетолог және экономист.

2018 жылдың мамыр айынан бастап «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында Инвестицияларды тарту жөніндегі департаментінің елдік менеджері, 2019 жылы қаңтардан бастап Алматы қаласындағы өкілдігінің менеджері болып, ал 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Алматыдағы өкілдігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылы маусымда Шымкент қаласы бойынша Өңірлік директор лауазымына ауысты.

Үйленген, екі баласы бар.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге