Біз туралы

Сәттібаев Айбек Берікұлы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Жалпы ақпарат, білім

Сәттібаев Айбек Берікұлы 1987 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. 

2005 жылы Банк ісі жоғары мектебінің колледжін, 2008 жылы - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша, 2013 жылы - Эссекс университеті (дайындалу курстары) "Болашақ" стипендиясы аясында, 

2015 жылы - Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур Ұлттық Университеті "Болашақ" стипендиясы аясында аяқтаған.

Мансап

Айбек Сәттібаев еңбек жолын 2005-2007 жылдары «Лариба-Банк» АҚ несие басқармасының маманы, жетекші маманы болып бастаған; 

2007-жылы «Альянс-Банк» АҚ бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының жетекші маманы; 

2008-2009 жылдары «Банк Астана-Финанс» АҚ бэк-офис басқарушы (филиал директорының орынбасары) – филиалдың бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары; 

2010-2015 жылдары Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитеті бас маманы, сарапшы, бас сарапшысы;

2014-2015 жылдары БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (Сингапур) Сауда және инвестициялар департаменті Оңтүстік Азиядағы экспортты әртараптандыру Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінде оқу аясында; 

2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы; 

2015жылы Алматы қаласының әкімшілігі Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы;

2015-2018 жылдары Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшының орынбасары; 

2018-2020 жылдары Сингапурмен бірлесіп экспортқа бағдарланған өндірісті құру, «Uly Dala» компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры;

2020-жылы «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Мүшесі - Төрағаның Орынбасары; 

2020 жылдан бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің  орынбасары.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге