Медиа орталық

Шымкентте іскерлік қауымдастық өкілдері отандық бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

Шымкентте іскерлік қауымдастық өкілдері отандық бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Шымкентте «YPO Forum Shymkent» үшінші бизнес-форумы өтті. Жаңа жағдайда ауқымды бизнесті жүргізуге арналған форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов және Қазақстан бизнесінің беделді өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген қала басшысы Іскерлік кеңес пен отандық бизнесті дамытудың жоғары маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау ел дамуы үшін маңызды міндет екенін атап өтті. Бүгінгі іс-шара экономикалық серіктестіктегі көпжоспарлы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенім білдіремін. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде елімізде оңтайлы бизнес-ахуал қалыптасты. Біздің кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Біз инвесторлар үшін қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Сіздерге Шымкент іскерлік қоғамдастық өкілдерімен серіктестікті нығайтуға әрдайым дайын екендігін хабарлаймыз», - деді Мұрат Әйтенов.


Мәселен, «Мемлекеттік қолдау құралдары» іс-шарасының бірінші сессиясы шеңберінде ҚР-да инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және «KAZAKH INVEST» қызметі туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов таныстырды.


«KAZAKH INVEST" инвесторларға қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, инвестициялық қызметті қолдау бойынша ұлттық оператор болып табылады. Әлеуетті инвесторлар үшін біз ел туралы толық ақпаратты, сондай-ақ салалық шолуларды және ең бастысы, біздің команда дайындаған нақты инвестициялық ұсыныстарды ұсынамыз. Біз инвесторлардың Қазақстанға мақсатты сапарларын ұйымдастырамыз және оларға стратегиялық жергілікті әріптес табуға көмектесеміз», - деп толықтырды Руслан Ибраимов.

Сонымен қатар, форум алаңында интернет-холдингтің негізін қалаушы және бақылау кеңесінің төрағасы Рамиль Мухоряпов, «Tan Media Group» иесі және «31 арна» ТРК негізін қалаушы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да тәуелсіз БАҚ өкілдері сөз сөйледі - Арманжан Байтасов, «Bilim Media Group» компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжеханұлы, «Freedom Holding Corp» жария компаниясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, «Alageum Electric» компаниялар тобының иесі Еркебұлан Ілиясов, «BI Group» құрылыс компаниясы директорлар Кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы Айдын Рахымбаев және т. б. қатысты.

Анықтама: YPO (Young Presidents Organization) - әр елде өз бөлімшелері/чаптерлері бар бизнесмендердің жабық халықаралық клубы. Жалпы, әлемде клубтың 25 мың мүшесі бар: олар табысты иелері немесе бизнес менеджерлері. Бүгінгі таңда Қазақстанда YPO бойынша 34 кәсіпкер бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге