Медиа орталық

Шымкент қаласында жақпа майлары мен суппозиторийлер шығарылатын болады

Шымкент қаласында жақпа майлары мен суппозиторийлер шығарылатын болады

Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен телекөпір арқылы «DentaFill Plus» компаниясының жақпа май препараттары мен суппозиторийлер өндіретін зауытының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына «DentaFill Plus» компаниялар тобының директоры Саркор Исонбаев пен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мақсұт Исахов қатысты.

06.jpeg

Екі ел басшыларына іске асырылатын жоба туралы толық ақпарат ұсынылды. Зауыттың ашылуына KAZAKH INVEST белсенді атсалысты.

Жақпа май препараттары мен суппозиторийлер өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің фармацевтикалық өндірісін дамытуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаның бірінші кезеңінде дайын дәрі-дәрмектің шамамен 18 миллион данасы шығарылады деп күтілуде, сондай-ақ 40 жаңа жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар, екі ел Президенттері Қарағанды облысында (ҚР) Тұрмыстық техника өндірісінің, Қостанай қаласында (ҚР) Chevrolet автомобильдері өндірісінің, Навои облысында (ӨР) минералды тыңайтқыштар өндірісінің, Ташкент облысында (ӨР) логистикалық орталық құрылысы мен Ташкент қаласында (ӨР) тұрғын үй-коммерциялық инфрақұрылым жобаларының іске қосылғанына куә болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеёв бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылуын тілеп, нысандардың құрылысына бастама салып берді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге