Серіктестер біз туралы

Николай Бочанов,"Beef Export Group" ЖШС директорының орынбасары:




Суреттер


Сәлеметсіз бе, менің атым Николай Бочанов, "Beef Export Group" ЖШС директорының орынбасары. 2019 жылдан бастап "Beef Export Group" ЖШС Қостанай облысының аумағында ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша ірі жобаны іске асырумен айналысады. Бүгінгі таңда "Beef Export Group" ЖШС жоғары технологиялық ет өңдеу кешені пайдалануға беріліп, әлемдік жоғары технологиялық стандарттарға сәйкестенді. Қалдықтарды толық тазарту, өңдеу, қайта өңдеу және кәдеге жарату, сарқынды суларды тазарту үшін инженерлік құрылыстар белсенді жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпорынды қоршаған ортаға нөлдік эмиссиямен жасыл деп санауға болады. Кәсіпорынның бірегей ерекшелігі–зауыт баламалы қуат көздерінде жұмыс істей алады, ол электр энергия мен табиғи газ. Бүгінгі таңда 250-ге жуық жұмыс орны ашылып, біздің кәсіпорын Қазақстан Республикасының ішкі нарығын, сондай-ақ Қытай, Ресей, Араб Әмірліктері, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан және басқа да елдердің нарықтарын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Болашақта үй жануарларына, агроөнеркәсіптік кешен жануарларына арналған құрғақ және ылғалды жемшөп өндіретін зауыт салып, қызмет салаларымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, асыл тұқымды репродуктор, бордақылау алаңы мен консерві зауытын салу жоспарда бар. KAZAKH INVEST Ұлттық Компаниясына, аймақтық директор Тенизбаев Романға және жобалар департаменті директорының орынбасары Сауле Сабырға жобаны іске асыруға көмектескені үшін алғыс білдіргіміз келеді. Әрі қарай ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге